361
Сирия жөніндегі БҰҰ елшісі Астанадағы келіссөзге келмейді
Сирия жөніндегі БҰҰ елшісі Астанадағы келіссөзге келмейді
БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы елшісі Стаффан де Мистура Астанаға Сириядағы соғысты тоқтатуға арналған келіссөзге бармайды. Елшінің баспасөз хатшысы Яра Шарифтің мәлімдеуінше, оның орнына бес адамнан тұратын топ барады.
16 ақпанда Де Мистура Мәскеуге барады. Онда ол Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен келіссөз жүргізбекші. Осылай деп Ресейдің ІІМ өкілі Мария Захарова хабарлады.
Астанада бүгін Сирия жөніндегі жұмыс отырысы, екі жақты және көп тарапты кездесулер өтеді.
Сәрсенбі күні Сирия оппозициясы елдегі саяси өтпелі кезең жөнінде Сирия үкіметімен тікелей келіссөз жүргізгілері келетінін мәлімдеген.
Оппозициялық коалицияның өкілі Салим әл-Муслит Rеuters агенттігіне ел президенті Башар Асадтың биліктен кетуін талап ете беретіндіктерін айтқан.