73 жастағы ұлытаулық қария әлем елдерін жаяу араламақ

73 жастағы ұлытаулық қария әлем елдерін жаяу араламақ

73 жастағы ұлытаулық қария әлем елдерін жаяу араламақ
ашық дереккөзі
50506
Алты ай бойы еліміздің 17 өңірін жаяу аралаған 73 жастағы Сәрсенбай Қотырашев енді әлем елдеріне сапар шегуге дайындалып жатыр. Бұл туралы жиһанкез әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Мен қайтадан байланыстамын, достар!Сіздерге дүние жүзін аралап, саяхатқа шығатын күнім анықталғанын хабарлауға асығудамын. Ештен кеш жақсы демекші, тамыздың 2-сі күні сапарымды Атыраудан бастаймын деп шештім. Соған байланысты, кеше Жезқазған тарихи-археологиялық музейі қызметкерлерінің бастамасымен, мені жолға шығарып салу шарасы өтті. Әр қатысушыға көңіл, уақыт бөліп, айтылған жылы тілектері үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Қолдауларыңызға көп рақмет» деп жазды марафоншы.
Айта кетейік, былтыр наурыздың аяғында Қазақстан өңірлерін жаяу аралауға шыққан жиһанкез сапарын Ұлытаудан бастап, 1 қазанда Ақтау қаласында аяқтаған еді. Ол 181 күнде 8 мың шақырымды артта қалдырып, жеті жұп аяқкиім, 20-дан астам резеңке дөңгелек тоздырғанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары