Алматыда екі қабатты ғимарат өртенді

/
Алматыда екі қабатты ғимарат өртенді
ТЖМ

Алматы қаласында екі қабатты ғимарат өртенді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.

Өрт Алмалы ауданы Брусиловский көшесінде орналасқан екі қабатты ғимараттан шыққан.

ТЖМ-нің хабарлауынша, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде ғимараттың ашық жалынмен жанып жатқаны және өрттің жақын орналасқан нысандарға таралу қаупі бар екені анықталған.

Дереу өрт сөндіру оқпандары берілді.Оқиға орнында ТЖМ күштері мен құралдары жоғары шақырту дәрежесі бойынша жұмыс істеді. Өрт сөндіру штабы құрылды.

ТЖМ күштері өртті толық сөндірді. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрттің көршілес нысандарға таралуына жол берілмеді.

Зардап шеккендер жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары