Назым ИБРАГИМҚЫЗЫ, психолог, психоаналитик: Жазда демалған баланың сабаққа ынтасы жоғары болады

Назым ИБРАГИМҚЫЗЫ, психолог, психоаналитик: Жазда демалған баланың сабаққа ынтасы жоғары болады

Назым ИБРАГИМҚЫЗЫ, психолог, психоаналитик: Жазда демалған баланың сабаққа ынтасы жоғары болады
ашық дереккөзі

Балалар жаз мезгілін асыға күтеді. Бұл – алаңсыз ой­­­нап, доп қуалап, суға шомылып, күнге қызды­ры­натын уақыт. Сонымен қатар демалыс баланың пси­хикалық, физикалық, рухани дамуына ықпал ететін, ден­саулығын нығайтатын, сауықтыратын кезең. Осы ретте ба­ланың жазғы демалысын қалай тиімді өткізуге болады де­ген мәселе төңірегінде психолог Назым Ибрагимқызымен әңгімелескен болатынбыз. – Ең алдымен балалардың жазғы де­­­­ма­лысының маңызына тоқталсақ... – Жазғы демалыс – балалардың ерекше бір ықыласпен күтетін уақыты. Бұл бала­лар­дың физиологиялық дамуына, сана-сезімінің же­тілуіне, дүниетанымының кеңеюіне үлкен әсер етеді. Себебі жазғы демалыс кезінде ба­­­­ла­­лар өздерін еркін сезінеді. Сауықтыру ша­­раларына атсалысып, өзіне бір жаңа бейім­дік әдеттерді қалыптастыруға ерекше көңіл бөле алады. Сол себептен ата-ана балаларының жаз­ғы демалысын дұрыс ұйымдастыруы ке­рек. Әрбір ата-ана баласының демалысты ерек­ше күтетінін, әдемі естеліктерге тол­ты­рып өткізуге тырысатынын жақсы біледі. – Баланың демалысын қалай қызық­ты ұйымдастыруға болады? – Баланың демалысын ұйымдастыруда ата-ана алдын-ала жоспар құруы керек. Оқу­шы­лардың жазғы демалысын өткізетін не­гізгі 3 жер бар. Бірінші – ауылда демалу, екін­­­­ші – қалада демалу, үшіншісі – жаздық ла­герьлер. Қаланың баласын ауылға апар­саңыз, олар «Ауыл қызықсыз» деп неше түрлі сыл­тау айтуы мүмкін. Бірақ ауылдағы дема­лыс­тың маңыздылығы ерекше. Ауылда, бі­рін­­шіден, таза табиғи өнімдер, сонымен қа­тар атмосферасы жанға жайлы. Кешке мал­дың өрістен қайтуы, қозы-лақпен ойнау қа­ла­да өскен балаға қызық болары сөзсіз. Ата-әжелер немерелерін шаруаға бейімдей отырып, еңбекке араласуын ұйымдастыра ала­ды. Әр ауылдың маңында өзен, көл бар. Суға шомылу, балық аулау, табиғаттан, күн сәу­лесінен таза энергия алу баланың ден­сау­лығы үшін өте маңызды. Сондықтан бала ауыл­ды қызықсыз деп сылтауратса, оны қы­зықтырып, демалысты дұрыс ұйымдас­тыру керек деген сөз. Қыз баланың қазан-ошақ­тың жанында жүріп әжесіне қолқанат болуы, ұлдардың таңертең малды өріске ай­дауы, кешке күтіп алуы қызықты – про­цесс. Мә­селен, құрт жасауды ойын түрінде ұйым­­дастыруға болады. Қаладағы баланың демалысы кешке дейін смартфонда отыруымен өлшенбеуі ке­рек. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, бала­лар­ға 7-12 жасқа дейін смартфонды 1 сағат­тан артық қолдану зиян. Мұның соңы бала­ның жалпы денсаулығына, көзіне, миына кері әсер етеді. Қалада өскен бала үшін ата-ана­сымен бірге уақыт өткізу маңызды. Өйт­кені қалалық ата-аналар жұмысбасты, әдетте ба­ласына көп уақыт бөле алмай жатады. Ата-ана мен бала арасындағы бұл алшақ­тық­тың орнын жазғы демалыста толтыруға бо­лады. Баланы театрға, киноға, кітапханаға, му­зейге апарып, бірге қыдырғаныңыз дұрыс. Қа­ла сыртындағы кішігірім демалыс орын­да­рында осылай бірге уақыт өткізу екі жаққа да пайдалы. Мұндайда уақытты бірге өткізу де­ген тек сөз жүзінде қалмауы керек. «Өз­де­рің ойнай беріңдер» деп өз әлеміңізге кет­се­ңіз, байланыстың болмағаны. Демалысты ба­ланың мүмкіндігі мен қажеттігіне қарай ұйымдастырған дұрыс. Оны баласынып айтқанына құлақ аспау немесе жүре тыңдау дұ­рыс емес. Бала ұнатпаған жерге оны қинап апара алмайсың. Сондықтан оның қалауын те­реңірек, кеңірек сұрап түсінуіміз керек. Әр демалыс күнін баламен бірге өткізуді жос­пар­лап, әдетке айналдыру тек жазғы дема­лыс­та ғана емес, барлық кезде де болуы ке­рек. Баланың есінде сіздің күн сайын қа­сын­да болғаныңыз емес, бірге өткізген сәттеріңіз қа­лады. Сонымен қатар демалысы жақсы өт­кен баланың сабаққа да ынтасы жоғары бо­лады. Жазғы демалыс баланың денсаулығын ны­ғайтуға қолайлы кезең. Осы ретте жазғы мек­теп лагерьлерінің маңызы зор. Онда бала жаңа білім алады, тәжірибе жинақтайды, шы­ғармашылықпен айналысады, білік, дағ­ды қалыптастырады. Балалармен тіл та­бы­сып, өзін жан-жақты дамытады. Баланың бос уақыты теледидар көріп, смартфон шұқы­лау­ға кетпес үшін кейде ата-аналарға бала­сын жазғы сауықтыру лагеріне жіберуге кеңес беріп жатамыз. – Жазғы демалыста баланың кітап оқуын талап ету, үйірмелерге жіберу қан­шалықты пайдалы? Үш ай жаз оқу­шылардың миы демалғаны дұрыс па, әлде пайдалы іспен айналысқаны ма? – Жазғы демалыстың алғашқы ай­ла­рын­да баланың миының демалуына мүмкіндік жа­сауымыз керек. Мысалы, маусым айында кі­тап оқытып, үйірмеден қалма деп жүкте­ме­ні арттырмау керек. Ал шілде, тамыз айла­рын­да балаларға кітап оқытқан дұрыс. Жал­пы, демалыс кезінде балаларға кітап оқы­туды әдетке айналдыруымыз керек. Кі­тап оқу – жыл он екі ай жүретін процесс. Ол үшін ата-ана өзі кітап оқуы керек. Жаз мез­гі­лінде балалар күніне бір сағат кітап оқыса, соның өзі жеткілікті. Сондай-ақ баланың қалауы болса, үйірмелерден қалдырмаған дұрыс. Алайда жазда бос отыруға болмайды деп шамадан тыс жүктеме берген жөн емес. – Сабақ кезінде баланы смартфоннан шек­теп жатамыз, ал жаз мезгілінде ба­лаларда уақыт көп. Смартфон пай­да­лану уақыты да артады. Жаңа өзіңіз ба­ла смартфонды 1 сағаттан артық қол­данса, зиян екенін айттыңыз. Алай­да мұны қалай реттеуге болады? – Гаджеттерге тәуелділік қоғамдағы өзек­­ті мәселелердің бірі болып отыр. Тех­но­ло­гияның дамыған заманында өмірімізді телефонсыз елестете алмай қалдық. Үздіксіз те­лефонға телміріп отыру, бір бағыттан өз­гер­меу баланың денсаулығына үлкен әсер етеді. БҰҰ-ның мәліметтеріне сүйенсек, жылына 5 миллионнан астам бала телефонға тәуел­ді болады екен. Сондықтан баланың қауіп­сіздігін ескеруіміз керек. Ғалымдардың зерт­теуі бойынша ересектердің 23 пайызы, ба­лалардың 80 пайызы гаджеттерге тәуелді. Осы орайда баланың көңілін басқа жаққа ау­дарып, оның қызығушылықтарына көңіл бөл­ген жөн. Балаға жиі көңіл бөлу оны гад­жеттерден алыстатады. Әдетте, ата-аналар өз­дері балаға кішкентайынан телефон ұста­тып, мазасын алмауын сұрайды. Бұл дұрыс емес. Сол себептен баланы демалыста гад­жет­­терден шектеген жақсы. Жазда ауа райы өте тамаша. Балалар далада ойнағаны дұрыс. Со­нымен қатар балалар ұйқыға жатқан кез­де бөлмесіне гаджеттерді қоймау керек. Оят­қышымыз телефонда болғандықтан, таңы­мыз телефонға телміруден басталады. Сон­дықтан гаджетті пайдалануда ата-ана да өзі­не шектеу қойғаны дұрыс. Ата-ана мен ба­ла телефоннан алшақтаған сайын бір-бірі­не жақын болары сөзсіз. Бала жазғы демалыста тек қыдыруды, ой­науды, демалуды қалайды деген қате тү­сінік. Балалар ата-анасымен көбірек уақыт өт­кізгенді, сырласқанды жақсы көреді. Әке-ше­шесінің қасында көбірек болған оларға ұнай­ды. Баламен бірге отырып оның әр кү­нін, демалысын жоспарлау керек. Баламен үл­кендер секілді ақылдасу, әңгімелесу, пі­кіріне құлақ асу олардың ой-өрісінің дұрыс же­тілуіне, болашақта өз бетімен шешім қа­был­дауына, өзіне сенімділігін қалып­тас­тыру­ға зор ықпал етеді. Уақыт өте келе бала да ата-анасын тыңдауды үйренеді. – Қалада уақытын бос сенделіспен өт­кізіп, мысық, құс, ит өлтіретін бала­лар да кездеседі. Осындай жағдайды бол­дырмас үшін ата-аналар нені ес­керуге тиіс? – Ата-анасы жұмыста болған кезде бала бос сенделіп, уақытын қалай болса солай өт­­­­кізіп, қажет емес, зиянды дүниелермен ай­налысып жүрсе, бұл қауіпті. Сондықтан ба­лаға режим қою керек. Бала психо­ло­гия­сында режимнің маңызы ерекше. Ата-аналар «Ба­лам мені тыңдамайды, үнемі телефонда оты­рады» деп келеді. Яғни, ата-ананың бала­мен қарым-қатынасы дұрыс емес, екі жақ­тың байланысы жоқ болып тұр. Сол себептен бала сіздің назарыңызды өзіне аудару үшін басқа дүниелермен айналысып отырады. Не телефон ойнайды немесе бір бұзықтық жа­сайды. Бұл жерде негізгі мәселе – ата-ана мен баланың арасындағы байланыс. Ол көзге көрінбейді, қолға ұсталмайды. Осыны ата-аналар түсінсе екен деймін. Баланың пси­хи­касы өте әлсіз, нәзік болады. Баланы өмір­ге әкелген соң ата-ананың міндеті – киін­діру, тамағын беру, оқытудан бөлек, мейірім төгу, жылу беру. Сондықтан баланың ата-ана­сын тыңдамауы тікелей үлкендердің өзі­не байланысты. – Ата-ана баламен уақытын қалай өт­кізуі керек? – Біз баланың қажеттіліктерін құн­сыз­дан­дырмауымыз қажет. Бала ішкі сезімдерін жет­кізгенде «Қоя тұршы», «Мен телефонмен сөй­­­лесіп жатырмын» деп сылтау айтпай, ба­лаға көңіл бөлу қажет. Балаға не қажет? Оны не мазалап жүр? Ата-ана ретінде менен қан­дай көмек керек? Осы сұрақтарға жауап із­деген ата-ана баланың дамуына тікелей әсер етеді. Гаджетке тәуелділіктің соңы от­ба­сындағы қарапайым әңгімелесу дағдысын жойып отыр. Жоғарыда айтқан баланы ре­жим­ге үйрету дегенім тек гаджетке бай­ла­ныс­ты емес. Бұл үй шаруасына, сабақ оқуға, қо­сымша үйірмелеріне де қатысты. Яғни, бел­гілі бір тәртіп керек. Қит етсе «Балам мені тың­дамайды, мұны психологқа апару керек» деп аттандамай, баламен арадағы байла­ныс­ты түзеу керек. – Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан А.Бимендиева