Тұрсынбай Құлахмет колумбиялық қарсыласын екінші раундта сұлатып салды

Тұрсынбай Құлахмет колумбиялық қарсыласын екінші раундта сұлатып салды

Тұрсынбай Құлахмет колумбиялық қарсыласын екінші раундта сұлатып салды
ашық дереккөзі

Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет кәсіпқой бокстағы бесінші жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті, деп хабарлады turkystan.kz. Айта кетейік, 2021 жылдың қазан айында Лондонда өткен бокс кешінде Тұрсынбай Құлахмет WBC International титулы үшін айқаста нокаутқа түсіп, карьерасында алғаш рет жеңіліске ұшыраған болатын. Екі жылдық үзілістен кейін шаршы алаңға қайта оралған отандасымыз Дубайдағы бокс кешінде 33 нокауты бар колумбиялық Хоэль Хулиомен жұдырықтасты. Сегіз раундтық жекпе-жекте Тұрсынбай Құлахмет уақытынан бұрын жеңіске жетті. Ол қарсыласын екінші раудта нокаутқа түсірді. Бұл - қазақстандық боксшының кәсіпқойдағы бесінші жеңісі және төртінші нокаут.  Ал бұл - Хулионың 17-жеңілісі.