Трамптың баспасөз хатшысы: Ресей Қырымды қайтарып, қантөгісті доғаруы керек

Трамптың баспасөз хатшысы: Ресей Қырымды қайтарып, қантөгісті доғаруы керек

Трамптың баспасөз хатшысы: Ресей Қырымды қайтарып, қантөгісті доғаруы керек
ашық дереккөзі
373
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей үкіметі "басып алынған Қырымды қайтарып беріп, Украинаның шығысында қантөгісті доғаруы керек" деп есептейді. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Шон Спайсер мәлімдеді. Оның айтуынша, Трамп Мәскеуге қатысты "өте қатаң саясат ұстанады". Дей тұрғанмен, Спайсердің айтуынша, "Трамп Ресеймен қарым-қатынасты жақсартуға болатынына сенімді". Баспасөз хатшысы Мәскеуге қатысты саясаттың жұмсаруынан сескенгендерге осылай деп жауап берді. АҚШ-тың жаңа қаржы министрі Стивен Мнучиннің мәлімдеуінше, Украинадағы жанжалға байланысты Ресейге салынған санкциялар сол күйінде қалады.Ресей Украинадан Қырымды 2014 жылы аннексиялап алды. Қырымның Ресейге қосылуын халықаралық қауымдастық мойындаған жоқ.

Серіктес жаңалықтары