Қырғызстанда президенттік сайлауға түсетін үшінші үміткер

Қырғызстанда президенттік сайлауға түсетін үшінші үміткер

Қырғызстанда президенттік сайлауға түсетін үшінші үміткер
ашық дереккөзі
367
«Республика - Ата-Жұрт» парламенттік фракциясы өздерінің лидері Өмірбек Бабановты президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынды. Бұл жөнінде Жогорку Кеңеш депутаты Мирлан Жеенчороев хабарлады.
Оның сөзінше, 14 ақпанда фракция отырысы өтіп, Өмірбек Бабановтың кандидатурасы ұсынылған. Бұл шешімді фракцияның барлық мүшелері қолдаған. Конституцияға сәйкес, президент сайлауы 2017 жылдың күзінде өтеді. Осыған дейін елдің экс-премьер-министрі Темір Сариев, «Онугуу-Прогресс» парламенттік фракцияның лидері Бақыт Торобаев президенттік сайлауға үміткер ретінде тіркелгені белгілі болған.

Серіктес жаңалықтары