БҚО-да 860 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

БҚО-да 860 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

БҚО-да 860 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
ашық дереккөзі
215
Батыс Қазақстан облысында 2012-2016 жылдар аралығында пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 1126,9 мың гектар жер анықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі өңірлік филиалында БҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Әлия Мұханбетжанованың мәлім еткеніндей, 2016 жылы 122,9 мың га жердің пайдаланылмағаны белгілі болды. Қабылданған шаралар нәтижесінде 860,2 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылып, соның ішінде 444,5 мың гектары жаңадан құрылған агроқұрылымдарға берілді. Ал 253,8 мың га жерді иелері өз мақсатына пайдалануға кірісті. 11,2 мың гектарды құрайтын жер телімінің иелеріне қатысты материал облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына жолданып, соның 9,3 мың гектары бойынша тиісті шара алынды. 1,7 мың га жер телімі иесіз мүлік ретінде тіркелді. Мерзімі өткен соң ол да мемлекет меншігіне қайтарылады. Қазіргі таңда қайтарылған жерлерді айналымға қосу жұмыстары жалғасуда. БҚО жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Салауат Нұрғалиевтің сөзіне қарағанда, аталған мекеме жер заңнамасының сақталуына қатысты 2016 жылы 304 тексеру жұмысын жүргізді. Соның нәтижесінде 119 заңбұзушылық анықталып, 11,789 млн теңге айыппұл салынды.  

Серіктес жаңалықтары