Астана маңында құлан, ақ бөкен сияқты жануарлар мекендейтін саябақ салынбақ

Астана маңында құлан, ақ бөкен сияқты жануарлар мекендейтін саябақ салынбақ

Астана маңында құлан, ақ бөкен сияқты жануарлар мекендейтін саябақ салынбақ
ашық дереккөзі

Астананың ел дамуындағы орны ерекше. Қала күн санап өсіп келеді. Елорда дамыған сайын оған қойылатын экономикалық, архитектуралық, урбанистикалық талап та жоғарылап отыр. Осыған орай биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту тұжырымдамасын қайта қарауды ұсынып, бірқатар нақты міндет қойған болатын. Астананың Бас жоспарына қандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілетіні туралы «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институты» директорының орынбасары, серіктестіктің бас сәулетшісі Серік Әбдірахмановпен әңгімелескен болатынбыз. – Мемлекет басшысы Аста­на­да саябақтар жетіспейтінін, тұр­ғындар серуенге шығатын, де­малатын орындар аз екенін, алай­да қала әкімдігі мұны ес­кер­мей, құрылысқа рұқсат бе­реті­нін ашық айтқан болатын. Саябақтарды, жаяу адамға ар­налған көшелерді көбейту, жал­пы, көгалдандыру мәселесі бойын­ша бас жоспарға қандай өзгертулер енгізілмек? – Бас жоспарды әзірлеу кезінде қа­ланы абаттандыру және көгал­дан­дыру жұмыстарына аса зор мән бе­ріліп отыр. Жасыл кешендер жү­йе­­­сі бақтар, бульварлар, гүл бақ­та­ры, көгалдандырылған жаяу жүр­гін­шілер жолы, аллеялар шағын кө­гал­дан­дырылған аумақтар жүйесімен то­лықтырылады. Ендік бағытта қа­­­ланы оң мен солға бөліп ағып жат­қан Есілдің екі жағалауын бой­лай 30 метрден 500 метрге дейін жа­сыл саябақ жасау жоспарланған. Бұл саябақтар Есілді қалалық ағын­ды сулардың ластануынан қорғай­ды, сонымен бірге керемет демалыс орны болмақ. Бейнелі түрде айтсақ, қала­ның «жасыл» өкпесі қызметін ат­қа­ра­ды. Осылайша, Бас жоспарда Есіл өзе­ні қаланың жоспарлау құ­ры­­лы­мын белгілейтін және анық­тайтын негізгі фактор болып отыр. Жоспар бойынша Батығай ауданын­да жаңа саябақ салу ұсынылып отыр. Сондай-ақ бас жоспарда ұлттық қо­рық-саябақ, Өлмес көлі мен Тал­дыкөл жанында жабайы дала жан­уар­лар орталығын ашуды ойлас­ты­рып отырмыз. Бұл Пржевальский жыл­қысы, құлан және ақбөкен сияқ­ты жазық даланы мекен еткен жануарларды ұстайтын дендро сая­бақ болмақ. Саябақ аумағы таби­ғат­қа жақын жерде орналасады. Талдыкөл маңында тағы бір ерек­ше нысан пайда болады. Бұл – елдегі қорық аймағы бар ал­ғашқы табиғи саябақ. Көлдің эко­логиялық инфрақұрылымы болады. Жа­ғалау аймағында табиғи қамыс­тар өседі, құмды немесе тасты жаға­жай­ларда суда жүзетін және су маңын­да өмір сүретін құстар тір­ші­лік етеді. Бұл саябақ жай ғана ойын-сауық орны емес, сонымен қатар елорданың ғылыми, білім беру және эколо­гиялық-ағарту алаңына айна­лады. Бас жоспарда «Мыңжылдық» сая­бағының маңайында орналасқан жаңа теміржол вокзалы аумағында ерекше гүлді ағаш түрлері бар жаңа қалалық бақ салуды ұсындық. Болашақта жаңа алаңдар мен бас­қа да қоғамдық кеңістіктер саны ар­тады. Жыл сайын 200-250-ге жуық аула мен қоғамдық кеңіс­тік (бұл бақтары, бульварлар, сая­бақтар) абаттандырылады. Қаланың Бас жоспарында көп­теген гүл бақтары мен бульварлар, бұ­зылатын аумақтар мен бос жер­лер жобаланған. Ені 20-40 м бола­тын бульварлар көшенің жаяу жүр­гіншілер жолына жақын ор­на­ласқан, бұл жасыл желектер мас­си­він ұлғайтуға, ағаштар мен бұ­та­лар­дың қала ортасының қолайсыз әсе­­­ріне төзімділігін арттыруға мүм­кіндік береді. Жалпы, қаланы жо­балау кезінде қаланың көлеміне жә­не климаттық жағдайларға бай­ланысты ерекшеленетін көгал­дан­дыру нормалары қолданылады. Жаңа Бас жоспарда ұлттық тағамдармен және ұлттық спорт түрлерімен сауықтыру ке­ше­нін салу көзделіп отыр, бұл елорда қо­нақтарының және шетел­дік­тер­дің назарын аударады. – Үкімет басшысының орын­ба­сары жаңартылған бас жос­пар­ды жыл соңына дейін бекіту жос­парланып отырғанын айт­ты. Жұмыс қалай жүргізіліп жа­тыр? – Қазір қалалық әкімдік Астана қа­­­ласының 2035 жылға дейінгі Бас жос­парының жобасын әзірлеу жұ­мыс­тарын аяқтап қалды. Жоба өт­кен айда орталық мемлекеттік ор­ган­дарға келісуге жіберілді. Пилоттық режимдегі жоба стра­тегиялық экологиялық бағалау кезеңінде. СЭБ аяқталғаннан кейін тамыз айында қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылады. Қыркүйекте жобаны Индустрия және инфрақұрылымдық даму ми­нистрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іс­тері комитетінің «Жобаларға мем­ле­кеттік ведомстводан тыс сарап­та­ма» шаруашылық жүргізу құқы­ғын­дағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қарауына тәуелсіз сараптамаға беру күтілуде. Бас жос­пар желтоқсан айында Үкіметтің бекітуіне жіберіледі. – Жаңартылған бас жоспар бойынша Астана болашақта кө­лік жүргізушілерінің қаласы бо­ла ма, әлде жаяу жүргіншілер қа­ласына айнала ма? – Бас жоспарды әзірлеу бары­сын­да жобалаушыларға Астана қа­ла­сының көлік жүйесін одан әрі да­мытудың тұжырымдамалық нұс­қа­ларын қарастыру тапсырылды. Әлем­нің ірі мегаполистері жеке кө­ліктерді шамадан тыс пайда­лану­ды тежеуге, жаппай жолаушы электр көлігін және моторсыз кө­лікті (велосипедтер, мотороллерлер) пайдалануға басымдық береді. Әрине, үлкен қаладағы көлік мәселесі ерекше назар ау­дару­ды қажет ететін маңызды тақы­рып. Бүгінде әкімдік көліктің «ба­сым­дық пирамидасын» қалай қа­лыптастыру керегін нақты түсініп отыр. Қалада қоғамдық жолаушылар көлігі жүйесін жетілдіруде үлкен қадамдар жасалады. Болашақта Аста­наны жылдамдығы жоғары жүр­дек теміржол жолаушылар көлі­гінсіз елестету мүмкін емес. Ұзақ мер­зімді кезеңде қала халқы 3 мил­лионнан асатын болса, LRT жүйесін (бо­лашақта ұзындығы 35,2 км), трам­вайды (88,5 км) және BRT жүйе­сін дамыту туралы шешімдер қабыл­дауды талап етеді. Қалаішілік жолаушылар ағынында теміржол­дың әлеуетін арттыру туралы да ұсы­ныстар бар. Жолаушылардың электр көлігі – қала болашағына, оның эко­но­ми­касына, экологиясына салынған ин­вестиция. Бүгінде қала халқы әуе­жай мен Нұрлы жолды және қа­ланың сол жағалау бөлігін бір-бірі­мен байланыстыратын 1-ші LRT же­лісінің құрылысын аяқтау үшін ин­вес­тиция салуға мүдделі деп айта ала­мыз. Мемлекет басшысы: – «LRT жо­басы, негізінен, қате болды. Бірақ қа­зір басқа амалымыз жоқ. Бұл жо­баны жүзеге асыруымыз керек. LRT-ның құрылысын тоқтатсақ, шы­ғын одан да көп болады. Ал ба­ла­ма жобалар жоқ» – деген болатын. LRT желісін одан әрі дамыту жә­не трамвай желілерін салу – к­е­ле­сі қадам. Болашақта тұрғындар­дың жолаушылар көлігіне сұранысы жоғары болатынын арнайы зерт­теу­лер де растап отыр. Сондай-ақ газбен, электр қуа­ты­мен жұмыс істейтін көліктер желісі де дамиды. Жаяу жүргіншілер инф­рақұрылымы – көше кеңістігінің құрам­дас бөлігі. Сондықтан жаяу жүр­гіншілер жолы демалыс аймақ­тарында және қала орталығындағы ең танымал орындарда кеңейе бер­мек. Сұрақтың мәніне оралсақ, Аста­на­ның бас жоспары бойынша қала тұрғындарының жеке автокөлікті пай­далануын қысқартуға бағыт­талған іс-шаралар қолға алынбақ. Бұ­ған қорғалатын аумақтар жүйесі­нің жайлылығын жақсарту, велоси­пед және жаяу жүргіншілер инфра­құры­лымын дамыту және реттеу шаралары, қала орталығындағы ав­то­­тұрақтарды басқару, қозғалт­қыш кластарына кіру аймақтарын бел­гілеу, көлік тораптарын дамыту арқылы қол жеткізу көзделіп отыр. – Тұрғын үйлер, денсаулық сақ­тау мекемелері, мектептер бойын­ша қандай шешімдер қа­былданып жатыр? – Әлеуметтік инфрақұрылымды да­мыту жаңа әлеуметтік-эконо­ми­калық және қалалық жағдайларды ескере отырып жүзеге асырылуы ке­рек және адамның физикалық денсаулығын сақтауға, рухани және мәдени дамуына, оның күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталуы керек. Бүгінгі таңда қалада 148 жал­пы білім беру мекемесі жұ­мыс істейді, оның 93-і мемлекеттік мек­теп, 7-еуі республикалық мек­теп. сонымен қатар «Білім-инно­ва­ция» мектеп-интернатының 2 ли­цейі бар. Мектептерде барлығы 176 688 оқушы білім алады. Қазір қалада мектеп ұйымдары тап­шы, мектеп оқушылары үш ауы­сым­мен оқиды. Заманауи білім беру ошақтары Қазақстанның зияткерлік, фи­зикалық және рухани дамыған аза­матын қалыптастыруды, оның тез өзгеретін әлемде табысқа жетуді қам­тамасыз ететін білімге деген қа­жет­тілігін қанағаттандыруды, эко­номикалық игілік үшін бәсекеге қа­бі­летті адами капиталды дамы­ту­ды көздейді. Осыған орай Бас жоспарда жал­пы білім беретін меке­ме­лер желісін балаларды толық емес орта біліммен қамту ауқымына дейін және мектеп ұйымдарының нормативтік сыйымдылығы кезінде балаларды орта біліммен қамтудың 75 пайызына дейін кеңейту ұсы­ны­лады. Осы мақсатқа жету үшін қала ау­ма­ғында жалпы білім беретін ме­­­кемелерді 386,7 мың орынға дейін ұлғайту қажет. Жоба бойынша жалпы білім бере­тін мектептердің саны 164-ке ар­тып, жалпы саны 257,4 мың оқу­шы­ны құрайды. Алайда бір ауысым­дық оқыту кезінде мектеп орында­ры­ның нормативтік қажеттілігін ес­кере отырып, жаңа мектеп орын­дарының жоспарланған саны оқу­шы­лардың тек 92 пайызын қам­та­масыз етуге мүмкіндік береді. Ал 100 пайыз және одан жоғары қам­та­масыз ету көрсеткішіне 1,5 ауы­сым­­дық оқытуды ескере отырып қол жеткізіледі. Денсаулық сақтау және әлеу­меттік қорғау мекемелеріне кел­сек, Бас жоспарда халықты же­дел жәрдем стансаларымен қам­та­ма­сыз ету көрсеткіштерін сақтау көз­делген. Жайлы өмір сүруді қамтамасыз ету үшін 21,8 мың келушіні қабыл­дай­тын амбулаториялық-емхана­лық мекемелерді енгізу, сондай-ақ ха­лықтың болжамды санын ескере отырып, ауруханалардағы төсек орнын 4 265-ке дейін ұлғайту қажет. Алғашқы кезеңде 27 денсаулық сақ­тау нысанын, оның ішінде 8 ауру­хана, 13 дәрігерлік амбулатория, 3 оңалту орталығы (904 төсек-орын) және өзге 3 денсаулық сақтау нысанын салу көзделген. Жалпы, 62 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарда бар. Оның 3-еуі аурухана, 53-і емхана және 5 оңалту орталығы және біреуі дәрілік заттар мен ме­дициналық бұйымдарды сараптау орталығы. Бас жоспарда әлеуметтік қыз­мет көрсету нысандары бойын­ша кешенді әлеуметтік орта­лық­тың, мамандандырылған бала­лар мекемесінің және 2035 жылға дейін қоса алғанда балалар үйлері түлектерінің уақытша тұру және бейімдеу орталығының құрылысы жоспарланған. Бас жоспардағы негізгі мақсат­тар­дың бірі – тұрғын үй қорын қам­­тамасыз ету. Атап айтқанда, өмір сүрудің жайлылығын қамта­ма­сыз ету үшін тұрғын үй қорымен қам­тамасыз етудегі сәйкессіздікті жою. Қала халқының орташа қамта­ма­сыз етілуі бір тұрғынға шаққанда 30 шаршы метр. Ал өмір сүрудің осы деңгейіне жеткізу үшін тұрғын үй қо­рын 68 250 мың шаршы метрге дейін ұлғайту қажет. Бірінші кезең­де бір адамға тұрғын үй қорымен қам­тамасыз етуді 26 шаршы метрге дейін ұлғайту жоспарлануда. 2035 жылға дейінгі бас жоспарда тұрғын үй қорын жаңадан салу, то­зы­ғы жеткен тұрғын үйлерді бұзу есе­­­­бінен аумақты жаңарту жұмыс­та­ры да қарастырылған. Қазір Бота­ни­калық бақ пен жаңа мешіт маңы­на қарай қызу құрылыс жүріп жа­тыр. Ж.Нәжімеденов және А.Бай­тұрсынұлы көшелерінен, Тәуелсіз­дік даңғылынан жаңа вокзалға дейін­гі жердегі саяжайлар бұзылып, Ш.Айтматов көшесі бойындағы аумақ­тарды қарқынды дамыту қол­ға алынып отыр. – Урбанизация үдерісінің қа­зіргі қарқыны сақталатын бол­са, елорда халқының саны 2030 жылға қарай 2 млн адамға жетуі мүмкін. Қала санымен қо­са автокөлік саны да жыл сайын көбейіп жатыр. Көлік кеп­телісі өте күрделі мәселеге ай­налып, қала тұрғындарының ашу-ызасын туғызып отыр. Көлік кептелісінің алдын алу бойынша қандай шаралар қол­ға алынбақ? – Астанада қазір көлік мәселесі өзек­ті және оны шешу маңызды. Кө­лік кептелісіне байланысты жол қауіп­сіздігі, эко­ло­гиялық мәселелер­ді де атап өту керек. Мысалы, бізде 1 000 тұрғынға 256 автокөліктен ке­леді. Салыстыр­малы түрде әлем­нің дамыған ірі қа­лаларында бұл көрсеткіш 300-400 ав­токөліктен келеді. Бүгінгі таңда қалада 300 мыңнан ас­там көлік тіркелген, оның 90 пайы­зы азаматтарға тиесілі. Бас жос­­­парда көліктердің өсуін тежеу мін­деті қойылып отыр. 2035 жылға қарай көлік құралдарының саны 580 мыңға дейін ұлғаяды деп бол­жа­нып отыр. Бұл 1 000 тұрғынға шақ­қанда 260 автокөлік деген сөз. Егер қала халқы 3 миллионға же­те­тін болса, көлік құралдарының са­ны 1 млн 180 мыңға жуықтайды. Мұн­дай жағдайда 1 000 тұрғынға шақ­қанда 350 автомобильден ас­пауы керек. Бұл көрсеткіш «бір от­басына – 1 автомобиль» әлеуметтік бағдарына сәйкес келеді. «Қаланың көлік мәселесін тек кө­лік құралдарымен шешу мүмкін емес» деген тұжырым бар. Әрине, бас жоспарда бұдан бұрын жоспар­лан­ған радиалды-айналма схема бойын­ша көше-жол желісінің қаң­қа­сын одан әрі дамытуды ұсындық. Бірақ жол құрылысы көлік мәсе­лелерін шешпейді, өйткені шешім жан-жақты болуы керек. Кептелісті азайту тек жолдар­дың кеңеюімен, жаңа көшелердің салынуымен, көлік жол айырығы және жерасты жаяу жүргіншілер өт­келдерінің құрылысымен шешіл­мей­ді. Ірі қалалар мұндай көлік саясатын ХХ ғасырдың ортасынан соңына дейін жүргізіп, оның сәт­сіздігін мойындады. Әрине, Астана көшелерінің қиы­­лыстарында жол қозғалысын ұйым­­дастыруды жетілдіру мүмкін­дік­тері әлі толық іске қосылмаған, бұл бір жағынан қиылыстың көлік­ті өткізу қабілетін арттырады, ал екін­ші жағынан – барлық қаты­су­шы­лар, оның ішінде жаяу жүргін­ші­лер мен велосипедшілер үшін жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға тиіс. – Халық тұрғын үйлер са­лын­­ған кезде мектеп пен бала­бақ­ша салуды ескермеген деп жиі шағым айтады. Бұл мәселе қан­шалықты реттеледі? – Бастапқы жылы қалада 98 мем­­лекеттік балабақша, 5 респуб­ли­калық және арнайы мектепке дейін­гі мекеме жұмыс істеді. Қалада мемлекеттік және жеке мен­шік балабақшадан бөлек басқа ұйымдардың үй-жайларында мек­тептер мен тұрғын үйлерге салын­ған балабақшалар бар екенін ес­кер­ген жөн. Алайда бұл балабақшалар жеке басқаруға бағынбайтындық­тан, олардың саны мен оларға бара­тын балалар санына қатысты ста­тис­тиканы алу және болашаққа бол­жам жасау қиын. Бұл ретте мек­тепке дейінгі білім беру жүйесін жос­парлау және бағалау, сондай-ақ олар­дың сапасын жақсарту кезінде балабақшалардың барлық түрлерін ескеру қажет. Астана қаласында бастапқы 326 же­кеменшік кіріктірілген және же­ке тұрған мектепке дейінгі балалар мекемелері бар. Бас жоспарда қолданыстағы мектепке дейінгі мекеме­лер­ді сақтау және қажет болған жағ­дай­да оларды қайта жөндеу, жаң­ғыр­ту және күрделі жөндеу жүргізу ұсынылады. Бұдан басқа, мектепке дейінгі ме­кемелердің қосымша құрылысы ұсы­нылады. Қызмет көрсету радиу­сы 300 метр болатын қала құрылы­сы нормаларын сақтай отырып, олар­ды қолданыстағы тұрғын үй қоры­ның аудандарында және жаңа тұрғын үй-азаматтық құрылыс аудан­дарында орналастыру көзде­ліп отыр. Астана қаласы Білім басқарма­сы­ның жоспары бойынша қалада бірінші кезеңде жалпы сыйымдылы­ғы 13,1 мың орындық мектепке дейінгі мекемелер салу жоспарлану­да. Есептік мерзімге мектепке дейін­гі мекемелерде тағы 69,6 мың орын салу жоспарлануда. – Көліктер тұрағы да тұрғын­дар­ды мазалайтын басты мәсе­ле­­нің бірі. Тұрғын үйлер бір-бі­ріне жақын салынады, ал кө­лік тұрақтары жоқ немесе өте аз орын бөлінеді. Бұл мәселе бола­шақ­та қалай шешімін таппақ? – Қолданыстағы техникалық нор­мативтік-құқықтық актілерге сәйкес әртүрлі мақсаттағы нысан­дар, оның ішінде тұрғын үйлер де тұ­рақ орындарымен қамтамасыз етілуге тиіс. Құжат тұрғын үй ау­мақ­­тарында оның класына қарай көлік тұрақтарын беруді реттейді. Нор­ма­ларды сәулет, қала құры­лысы және құрылыс қызметінің барлық субъек­тісі орындауға мін­дет­ті. Тұрғын аудандарды ав­то­тұ­рақ­пен қам­тамасыз ету бө­лі­гінде Астана қала­­­сының бас жос­пары қол­да­ныс­тағы құрылыс нор­ма­лары мен ере­желеріне қай­шы кел­мейді. – Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Арайлым ЖОЛДАСБЕКҚЫЗЫ