Айт күндері ауа райы қандай болады?

Айт күндері ауа райы қандай болады?

Айт күндері ауа райы қандай болады?
ашық дереккөзі
50368
Еліміздің басым бөлігі солтүстік-батыс циклонының және атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болады. Соның салдарынан жаңбыр жауып, елдің батысында, шығысында найзағай ойнайды деп хабарлады turkystan.kz. Тек республиканың оңтүстік-батысында ғана күн жауын-шашынсыз болады. Елдің басым бөлігінде жел күшейіп, батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта бұршақ жауады, дауыл тұрып, солтүстікте тұман түседі. Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында, Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысының батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жетісу облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Синоптиктердің болжамынша, 28-30 маусым күндері Астана, Алматы, Шымкент қалаларында ауа райы құбылмалы болады.

Серіктес жаңалықтары