Turkistan арнайы экономикалық аймағы Turan деп аталмақ

Turkistan арнайы экономикалық аймағы Turan деп аталмақ

Turkistan арнайы экономикалық аймағы Turan деп аталмақ
ашық дереккөзі
50264
Turkistan арнайы экономикалық аймағының атауы Turan болып өзгертіледі деп хабарлады turkystan.kz. Түркістан облысымен бірге құрылған Turkistan арнайы экономикалық аймағының атауын өзгерту жоспарланып отыр. Мемлекет басшысының Түркістан облысының аумағында Түркі мемлекеттері үшін АЭА құру туралы тапсырмасын орындау мақсатында АЭА атауы Turan болып өзгертілмек. Turan арнайы экономикалық аймағының жер көлемі 4622,39 гектарға дейін артады. Еске салайық, арнайы экономикалық аймақ құрамына келесі 6 субаймақ кіреді: ауданы 861,75 гектар тарихи орталық; ауданы 1578,64 гектар әкімшілік іскерлік орталық; ауданы 1000 гектар, 35 гектар және 180 гектар өнеркәсіптік аймақтар; ауданы 967 гектар әуежай. Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 13 шілдеге дейін.

Серіктес жаңалықтары