Қазақстанда өтетін бокстан Азия чемпионаты кейінге шегерілді

Қазақстанда өтетін бокстан Азия чемпионаты кейінге шегерілді

Қазақстанда өтетін бокстан Азия чемпионаты кейінге шегерілді
ашық дереккөзі
50398
2023 жылы Астанада өтетін бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты кейінге шегерілді деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Азия бокс конфедерациясының (ASBC) баспасөз қызметі хабарлады. Құрлық біріншілігінің кейінге шегерілу себептері айтылмады. Айта кетсек, 14-30 шілде аралығында Қазақстан астанасында жастар мен жасөспірімдер арасында бокстан 2023 жылғы чемпионат өтуі тиіс болатын. Чемпионатта жастар арасында 2005 және 2006 жылы туған боксшылар, ал жасөспірімдер арасында 2007 және 2008 жылы туған жас боксшылар жүлдені сарапқа салады.

Серіктес жаңалықтары