Елімізде апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Елімізде апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Елімізде апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар
ашық дереккөзі
50506

Осы аптада еліміздің орталық және жергілікті атқарушы органдарында бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды.

Апта басында Мұрат Өтемісұлы Жүребеков ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Мұрат Жүребеков 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін (1999), Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (2001), Strathclyde университетін (Глазго, Шотландия, 2003), Гарвард бизнес мектебін (Бостон, АҚШ, 2013), Қазақстан-Британ техникалық университетін (2019) бітірген. 2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Ақтөбе қаласының әкімі болып қызмет атқарды.

Сонымен қатар бес қаланың Полиция басқармасына жаңа басшылар тағайындалды.

Тараз қалалық Полиция басқармасының бастығы лауазымына Сматов Қанат Ералыұлы, Жамбыл облысы ПД Жамбыл аудандық полиция бөлімінің бастығы лауазымына – Мадимаров Ардақ Тілегенұлы тағайындалды.

Орал қалалық Полиция басқармасының бастығы болып Абдрахманов Асқар Қоңырұлы бекітілген. Ал Иманов Болат Сапарғалиұлы Қостанай қалалық Полиция басқармасы бастығы лауазымына тағайындалды.

Рудный қаласы ПБ бастығы болып Қостанай облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеген Байзақов Аманжол Мәмбетұлы кірісті.

Арқалық қалалық Полиция басқармасының бастығы болып Баймурзин Орал Тумурзаұлы бекітілді.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды.

Ерлан Ақкенженов 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. «Әділет» жоғары құқық мектебін және «Астана» университетін бітірген. Еңбек жолын 2002 жылы жекеменшік ұйымда бас маман болып бастаған. 2022 жылғы шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өнімдері маркетингі басқармасының бастығы болып қызмет етті.

«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ басшылығы құрамында да бірқатар ауыс-түйіс болды.

Қуаныш Омарбеков 2023 жылғы 23 маусымнан бастап Қазатомөнеркәсіптің өндіріс жөніндегі бас директоры лауазымына тағайындалды. Оның функционалдық міндеттеріне компанияның және еншілес кәсіпорындардың геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, жер қойнауын пайдалану, тау-кен дайындау жұмыстары, уран өндіру және қайта өңдеу, өндірістік активтерді басқару мәселелері бойынша қызметін үйлестіру және бақылау кіреді.

Қ. Омарбеков 2011 жылдан бастап «KAP Logistics» ЖШС-нде әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған, оның ішінде 2018-2022 жылдар аралығында «KAP Logistics» ЖШС-нің бас директоры болып жұмыс істеді. Омарбековтің «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өндіріс жөніндегі бас директоры лауазымына тағайындалғанға дейінгі соңғы жұмыс орны «Ақбастау» БК» АҚ болды, онда Қуаныш Омарбеков 2022 жылғы желтоқсаннан бастап бас директор қызметін атқарды.

Серіктес жаңалықтары