Қарбыздан уланған: 7 жасар бала көз жұмды

Қарбыздан уланған: 7 жасар бала көз жұмды

Қарбыздан уланған: 7 жасар бала көз жұмды
ашық дереккөзі
50481
Кемерово облысында жеті жасар бала қарбыздан уланып, қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz. Shot Telegram арнасының жазуынша, Анжеро-Судженс қаласындағы жеті және сегіз жасар екі ағайынды 8 маусымда Прокопьевская көшесіндегі дүкеннен сатып алынған қарбызды жегеннен кейін ауруханаға түседі.
"Кішісі ішек инфекциясына байланысты мидың ісінуі және дегидратация болып, комаға түсті", - делінген хабарламада.
Бала тікұшақпен Кемерово ауруханасына жеткізілді, алайда облыс орталығының дәрігерлері дәрменсіз болып, бала қайтыс болды. Ал ішегі қатты қабынған үйдің үлкені құтқарылды. Енді Роспотребнадзор эпидемиологиялық тергеу жүргізуде. Талдау жүргізу үшін дүкеннен алынған қарбыз тәркіленді. Баланың қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс те қозғалды.

Серіктес жаңалықтары