БҚО-да мектеп директоры ата-аналардан аттестат үшін ақша жинаған

БҚО-да мектеп директоры ата-аналардан аттестат үшін ақша жинаған

БҚО-да мектеп директоры ата-аналардан аттестат үшін ақша жинаған
ашық дереккөзі
50246
БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет түлектердің ата-аналары мектеп директорының үстінен шағымданғанын мәлімдеді. Олардың сөзінше, директор баспа құрылғыларының көмегімен мектепті бітіргені туралы аттестаттарды толтыру үшін ақша жинаған деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. Тексеру қорытындысы бойынша мектеп пен жеткізуші арасында биылғы жылдың 19 мамырында мектепті бітіргені туралы аттестаттарды толтыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғаны анықталды.
Мемлекеттік сатып алуды өткізу барысында тапсырыс беруші техникалық ерекшелікте «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды толтыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 21 қарашадағы №565 бұйрығының талаптарын сақтамаған, яғни баспа құрылғыларының көмегімен аттестаттарды толтыру көрсетілмеген. Осыған байланысты мектеп директоры егер ата-аналар электронды түрде толтырылған аттестат алғысы келген жағдайда, ата-аналардан 1 000 теңге сомасында ақша жинау туралы нұсқау берген.
“БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуынан кейін, түлектердің ата-аналарынан жиналған ақшалай қаражат қайтарылды, жоғарыда аталған бұзушылыққа жол бергені үшін кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды”, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары