Астанада Сирия жөнінде кезекті келіссөз өтеді

Астанада Сирия жөнінде кезекті келіссөз өтеді

Астанада Сирия жөнінде кезекті келіссөз өтеді
ашық дереккөзі
385
15-16 ақпанда Астанада өтетін Сириядағы жағдайды реттеуге арналған келіссөзге сириялық үкімет, қарулы оппозиция және БҰҰ-ның арнайы елшісі Стаффан де Мистура мен америкалық бақылаушылар ресми шақырылған.
Қазақстан СІМ мәлімдемесінде күн тәртібінде Сириядағы соғысты тоқтату және жағдайды тұрақтандыру үшін нақты шаралар қабылдау қарастырылғаны айтылады. Сирия президенті Башар Асад режимін қолдайтын Ресей және қарулы оппозицияны қолдайтын Түркия араағайын болады. Сирияаралық бейбіт келіссөз Женевада 20 ақпанда өткізу жоспарланған. БҰҰ мәліметінше, алты жылға созылған соғыста 300 мың адам қаза тапқан.

Серіктес жаңалықтары