Димаш "Ой Жайлау" әнін шырқады

Димаш "Ой Жайлау" әнін шырқады

Димаш "Ой Жайлау" әнін шырқады
ашық дереккөзі
283
Димаш Құдайберген Қытайдағы «I am a singer» байқауының 5-кезеңінде «Uptown Funk» әнімен бесінші орынды иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «1-орынды Тань Цзин, 2-орынды — Линь Илянь, 3-орынды — Чжан Цзе, 4-орынды — Джастин мен Линь Чжисюань (конкурстың жаңа қатысушылары — авт.), 5-орынды — Димаш, 6-орынды — «Lion» тобы, 7-орынды Чжао Лэй иеленді. Чжао Лэй сайыс бағдарламасынан шығып қалды», — деп хабарлайды Hunan. 4-орынды екі конкурсант бірдей иеленгендіктен, Димаш 5-орынға орналасып отыр. Дегенмен, қытайлық байқаудың әлеуметтік желіге салған кестесінде қазақстандық әншінің 6-орын алғандығы жазылуда, ал 5-орын — бос тұр. Бұл жағдайды өзгертпейді, Димаш байқаудың келесі — 6-кезеңіне өтеді. Бұған дейін, жарыстың 4-кезеңінде Ду Лиш (Тереза) шығып қалған еді. Димаш Құдайберген Қытайда Хунан телеарнасының «Юан Шияу» мерекесіне арналған концертінде қонақ болып, қазақтың «Ой жайлау» әнін шырқады. «Бүгін Қытайдың атақты шырақтар фестивалі кешінде Кенен Әзірбаев атамыздың «Ой жайлау» әнін шырқаймын! Тікелей эфирде 19:30 (Бейжің уақытымен) Hunan Tv арнасында! Қытайда айтылатын алғашқы қазақша әнімді жақсы қабыл аласыздар деп ойлаймын!» — деп жазды әнші Инстаграм парақшасында. Айта кетейік, Юан Шияу — Қытайдың дәстүрлі «Шырақтар» мерекесі. Әр жылы «Көктем мерекесі» деп аталатын қытайдың жаңа жылының 15-күні тойланады.

Серіктес жаңалықтары