260
Алматылық "Синий кит" тобының жетекшісін әшкереледі
Алматылық "Синий кит" тобының жетекшісін әшкереледі
Алматыдағы "Қоғамдық қауіпсіздік кеңесінің" негізін қалаған Ислам Угушев Facebook желісіндегі парақшасында "Синий кит" тобының жетекшісінің бірін қалай әшкерелегенін айтып берді.
"Бұл оқиға 2017 жылдың 9 ақпанында болды. Барлығы Синий Кит тобындағылардың Қоғамдық қауіпсіздік қызметіндегілердің көзіне түсуінен басталды. Содан біз, әрине, бұл топты бұғаттауды жөн көрдік. Сондай-ақ, біз топты құрған адамдардың кім екенін анықтағымыз келді. Ұзақ уақыт кеткен жоқ, біраздан соң бізге осы топтың әкімшісі хабарласып, тапсырмалардың тізімін жолдай бастады. Қызықтың барлығы осы жерден басталды", - деп жазады Угушев.
Алматылықтың айтуынша, қаскөйді "ВКонтакте" желісіндегі парақшасы арқылы тапқан. Ол парақшасында Skype желісіндегі логинін, телефон нөмірін, қазіргі уақытта Семейде екенін, тіпті YouTube хостингіндегі мекенжайын да қалдырған.
Осылайша, қоғам белсенділерінде оның қауіпті әрі өлімге апаратын ойынды таратып жүргенін растайтын дәлелдер пайда болды. Ер адам ұсталғанын сезген кезде, әлеуметтік желілердегі парақшаларын өшіріп тастапты. Алайда оған қатысты барлық мәлімет Семей полицейлеріне жіберілді.
"Адамдар, міне, сіздердің балаларыңызды қауіпті өлім ойындарына тартып, оларды қорқытып жүрген адамдар осы сияқты тәрбие көрмегендер. Барлық скриншотты қарап шығуға кеңес беремін. Осындай адамдар үшін ата-аналар балалары үшін қауіптенеді", - деп жазады Ислам Угушев.