Алматыда Олимпиада өткізуге әбден болады

Алматыда Олимпиада өткізуге әбден болады

Алматыда Олимпиада өткізуге әбден болады
ашық дереккөзі
270
Алматы қаласы Олимпиада өткізуге 80% дайын, - деді   «Astana Arlans»  бокс клубының бас менеджері Серік Сәпиев. Бұл туралы «Astana» президенттік клубының ресми сайтында хабарланды. «Алматы қысқы Олимпиаданы қабылдап, өткізе алады деп санаймын. Ол үшін бізде бәрі бар. Барлық нысандар салынған, Олимпиада қалашығын салуға жер де бар, Алматы сексен пайыз Олимпиада қабылдауға әзір. Әлемдік деңгейде спорттық шараларды ұйымдастыра алатынымызды көрсеттік, барлық міндеттерді ойдағыдай атқара аламыз», - деді Сәпиев. Оның айтуынша, Универсиадада спортшыларға керемет жағдай жасалды. «Мен талай Олимпиадаға қатыстым. Сондықтан біздің ауыл деңгейі жағынан еш кем болған жоқ. Осы Атлетикалық ауыл  жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Спортшылардың жағдайы керемет болды, ешқандай талап түскен жоқ, тек қонақтардан  бір-екі ұсыныстар түсті. Пікірлерден бәріне ұнағанын көрген боларсыздар, спортшылар риза. Универсиаданы барынша жоғары кәсіби деңгейде өткіздік», - деді Олимпиада чемпионы.  

Серіктес жаңалықтары