ҰҚК операциясы Алматыда 15 адамды тұтқындады

ҰҚК операциясы Алматыда 15 адамды тұтқындады

ҰҚК операциясы Алматыда 15 адамды тұтқындады
ашық дереккөзі
332
13-24 қаңтар аралығында Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарымен бірлесіп Алматы қаласында және Алматы облысы аудандарында арнайы операция сериясын жүргізді, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі. 2 радикалдық топ және діни-экстремистік идеология ұстанған 6 адамның қызметі тоқтатылды. Терроризмді насихаттауға, террорлық актіге қатысуға дайындық, діни алауыздық тудыру,  заңсыз қару сақтауға қатысы бар 15 адам тұтқындалды. Тұрғылықты жерлерді тінту кезінде 5 граната, халықаралық террорлық ұйымдардың белгісі, діни мазмұндағы кітаптар, электрондық ақпарат тасығыштар табылды. Тергеу әрекеті жалғасуда. Көрсетілген шараларды іске асыру Универсиада өткізу уақытында қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз етуге ықпал етті.  

Серіктес жаңалықтары