302
Қазақстанда тележурналистердің кәсіби біліктілігіне сын айтушылар көп
Қазақстанда тележурналистердің кәсіби біліктілігіне сын айтушылар көп
Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев әлеуметтік сауалнама нәтижелеріне сүйене отырып, қазақстандық көрерменнің журналистердің кәсіби деңгейіне көңілдері толмайтынын мәлімдеді.
Министрліктің кеңейтілген отырысында Абаев әлеуметтік зерттеу нәтижелері туралы айтып берді. Көрермендер телеарналарда жарнаманың көптігін, жергілікті өнімдердің аздығын, танымдық бағдарламалардың жетіспеушілігін және қазақстандық телевидениеде журналистердің кәсіби біліктілігінің төмендігін атап өткен.
"Телеарналарға көрермендерді қызықтырудың амалын терең ойлануы қажет", - деді Абаев. Министр толық метражды туындыларды көбейтіп, телеарна қызметкерлерінің тиімділігін дұрыс бағалауды, мамандарды дұрыс таңдауға көңіл бөлуді ұсынды.
Қазақстандық телеарналарда "көретін ештеме жоқтығын" министр Абаевқа өткен жылы парламент депуаттары да айтқан еді. Парламенттегілер жергілікті ақпарат құралдарында сараптама мен журналистік зерттеулер жоқ деп ренжіді. Сол кезде Абаев депутаттарға оның министрлігі жергілікті ақпарат құралдарына жан бітіретін бірқатар механизм жасап шығарғанын мәлімдеген болатын.