Ерлан Қарин – "Қазақстан" телерадиокорпорациясы басшысы

Ерлан Қарин – "Қазақстан" телерадиокорпорациясы басшысы

Ерлан Қарин – "Қазақстан" телерадиокорпорациясы басшысы
ашық дереккөзі
286
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы» Басқарма төрағасы болып Ерлан Тынымбайұлы Қарин тағайындалды деп хабарлайды egemen.kz. Жаңа басшыны ұжымға Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев таныстырды. «Ерлан Тынымбайұлы біл­ікті саясаттанушы, ид­еолог, еліміздің шына­йы патриоты ретінде к­өпшілікке жақсы таныс­ екеніне еш күмәнім ж­оқ. Ендігі жерде оған елі­міздегі ең ірі медиа ­құрылымның жұмысын од­ан әрі дамыту тапсыры­лып отыр. Ерлан Тынымбайұлы бұғ­ан дейінгі іргелі шар­аларды одан әрі жалғастырып, корпорацияны ­жаңа деңгейге көтеред­і деп сенемін» деді министр. Ерлан Тынымбайұлы Қарин 1976 жылы 26 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылында туған. 1997 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тарих мамандығы бойынша, ал 1999 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Философия және саясаттану факультетінінің аспирантурасын тәмәмдаған. Саясаттану ғылымдарының кандидаты (диссертация тақырыбы: «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіндегі ішкі саяси аспектілер»). 1996—1998 жылдары Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде сабақ берді. 1998—2000 жылдары Қазақстанның даму институтының Саяси зерттеулер орталығында қызметкер, Ресей және Қытай институты директорының орынбасары. 2000-2003 жылдары – Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры. 2003-2004 жылдары – «Асар» республикалық партиясы төрағасының орынбасары. 2004-2006 жылдары – Антитеррорлық бағдарламалар орталығының жетекшісі. 2006 жылы Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың қоғамдық және саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі. 2008 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Президент әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. 2008-2013 жылдары – Нұр-Отан партиясының стратегиялық даму жөніндегі хатшысы. 2014 жылдың 16 қазанында ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры болып тағайындалды. Үйленген, төрт баласы бар. Корпорацияның бұрынғы жетекшісі Кемелбек Ойшыбаев 2016 жылдың 1 қазанында тағайындалып, төрт айдан кейін қызметтен кеткен болатын.

Серіктес жаңалықтары