Бауырды тазалайтын 3 сусын

Бауырды тазалайтын 3 сусын

Бауырды тазалайтын 3 сусын
ашық дереккөзі

Негізінен бауыр өзін-өзі қалпына келтіре алатын қасиетке ие. Бірақ сіздің диетаңыз дұрыс болмаса, яғни алкогольдік сусындар, түрлі тәттілер мен қажетсіз тағамдарды көп тұтыну салдарынан бұл процесс қиындай түседі. Сондықтан бауырдың жағдайын жеңілдететін әдістер бар екенін біле жүріңіз деп хабарлады turkystan.kz.

Бауырды тазалауға көмектесетін 3 сусын: Түймедақ шайы. Түймедақ шайын ұйықтар алдында ішу бауырдың жұмысын жақсартуға көмектеседі. Бұл өсімдік қайнатпаларын дәрігерлер гепатит және бауыр циррозы сияқты ауруларды кешенді емдеуде тағайындайды. Әсіресе, бұл алкогольді асыра пайдаланатындарға, қуырылған және майлы тағамдарды ұнататындарға қажет. Зімбір және лимон суы. Зімбір мен жарты лимонды алып, екеуін қайнаған суға салыңыз. Сосын бес минут қайнатыңыз. Сіз бұл дәрі-дәрмекті екі апта бойы әр кеш сайын ішуіңіз қажет деп жазды kubnews.ru. Заманауи зерттеулер зімбірдің гепатопротекторлық қасиеттері бар екенін растаса, лимон улы заттарды кетіруге көмектеседі. Сұлы жармасы. Сұлы талшығы ас қорыту жүйесінің барлық процесін жақсартады. Зерттеулер сұлы жармасын жүйелі түрде тұтыну бауырдың жұмысын жақсартып, ұйқы безі мен ішектің жұмысына оң әсер ететінін растаған.