50796
Биылғы оқу жылына қанша грант бөлінді?
Биылғы оқу жылына қанша грант бөлінді?

2023-2024 оқу жылына 88 мың білім беру гранты бөлінді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Барлық гранттың 60%-ы инженерлік-техникалық мамандықтарға тағайындалды. Бакалавриатта оқу үшін 73 мың грант, магистратураға – 13 мың, докторантураға – 1890 грант бөлініп отыр», - деді ол.Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиевтің айтуынша, 2023 жылы өңірлік ЖОО-ларға бөлінетін педагогикалық квота саны артып, 6280 грант бөлінген. Ал «Серпін» бағдарламасы бойынша 3653 грант тағайындалған.