«Расымен қоғамда жасөспірімдердің қатысуымен жасалатын қылмыстық оқиғалар азаймай тұр. Бұл дабыл қағарлық жағдай. Алдын алмаса, зардабы ауыр болуы мүмкін. Мұндай оқиғалар көбінесе ата-ананың бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлмеуінен болады. Өйткені, отбасындағы атмосфера баланың дамуына ерекше әсер етеді. Баланың бойындағы мінез-құлықтың қалыптасуына ортасы мен ата-анасының қосар үлесі басым болатынын ұмытпауымыз керек. Тез еліктегіш келетін мектеп жасындағы оқушылар жаман ортаға тап болса, оның мінез-құлқы бұзылып, жаман әдеттерді бойына тез сіңіреді. Сондықтан әр ата-ана перзентіне көңіл бөліп, оның жақсы ортада жүруіне, жақсы азамат болып өсуіне барынша жағдай жасауы қажет. Бала 15-16 жасында ақ пен қараны ажыратып, тұлға ретінде қалыптаса бастайды. Осы уақытта әкесі ұлымен, анасы қызымен көбірек сырласуы тиіс. Қажет болған жағдайда баланы арнайы мамандарға да көрсетіп алған жөн», - дейді психолог.
«Дабыл қағарлық жағдай»: психолог оқушылар арасындағы әлімжеттік туралы айтты

«Дабыл қағарлық жағдай»: психолог оқушылар арасындағы әлімжеттік туралы айтты
Бүгінде мектеп жасындағы оқушылар арасында бір-біріне күш қолдану, әлімжеттік көрсету белең алып барады. Turkystan.kz тілшісі аталған жағдайларға байланысты балалар психологы Әсем Ілесбайдың пікірін білді.