«2 жасар бала үйде үлкен балалармен қалған және терезеге көтеріліп, масаға қарсы торға сүйеніп тұрып құлап кеткені анықталды. Бүлдіршін ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.Полиция қызметкерлері ата-аналарға балалар қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді. Құлаудың басым көпшілігі ересектердің балалардың жүріс-тұрысын бақыламауынан, терезелерді жабуды ұмытып кететін жақын туғандарының немқұрайдылығынан, терезелерде блок-құлыптардың болмауынан, балаларға терезеге өздігінен көтерілуге мүмкіндік беретін жиһаздың дұрыс орналаспауынан болады.
Астанада жыл басынан бері 6 бала терезеден құлап кеткен

Астанада жыл басынан бері 6 бала терезеден құлап кеткен
Елордада жыл басынан бері 6 бала терезеден құлап кеткен деп хабарлады turkystan.kz.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, биыл Астанада балалардың терезеден құлауының 6 дерегі тіркелді.
Қуанышқа орай, барлық балалар тірі қалған, алайда жарақат алған.
Соның бірінде, полицияға үйдің үшінші қабатынан баланың құлап кеткені туралы қоңырау келіп түскен.