Қазақстан қалаларында пәтер бағасы арзандады ма?

/
Қазақстан қалаларында пәтер бағасы арзандады ма?
ашық дереккөзі
Қазақстан қалаларында пәтер бағасы арзандады ма? Жылжымайтын мүлік сайты Қазақстан қалаларында пәтерлерге ұсынылған орташа бағаны анықтады деп хабарлады turkystan.kz. Елімізде ең қымбат пәтерлер Алматы, Астана және Шымкентте орналасқан. Бұл елді мекендерде бір, екі және үш бөлмелі пәтер құны шамамен 15,5 млн басталып, 43 млн теңгеге дейін жетеді. Ал ең арзан баспананы Қызылорда, Тараз және Талдықорғаннан алуға болады. Бұл қалаларда тұрғын үй 7 – 21 млн теңгеге бағаланған. Ал қалған 13 қалада бір бөлмелі пәтер құны шамамен 12 млн теңгеден басталса, 3 бөлмелі пәтерді 26,5 млн теңгеге алуға болады. Қазіргі таңда Қазақстанда орта есеппен:
  • бір бөлмелі пәтер – 13,2 млн теңге;
  • екі бөлмелі пәтер – 19 млн теңге;
  • үш бөлмелі пәтер – 25,6 млн теңгеге бағаланған.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары