«Қазақстан туралы үздік роман» байқауына өтінім қабылдау аяқталды

/
«Қазақстан туралы үздік роман» байқауына өтінім қабылдау аяқталды
ашық дереккөзі
«Қазақстан туралы үздік роман» байқауына өтінім қабылдау аяқталды 15 мамырда «Қазақстан туралы үздік роман» әдеби байқауға қатысушылардың шығармаларын қабылдау аяқталды. «Меценат.кз» әдеби сыйлығының екінші маусымына шығармаларды қабылдау қыркүйекте басталған. Биыл шетелдегі қандастарымызға да қатысуға мүмкіндік берілді. Ал орыс тілінде тек Қазақстан азаматтары қатысты. «Қазақстан туралы үздік роман» әдеби байқауының екінші маусымына 103 адам тіркеліп, 58 роман жүктелді.
«Біз барлық қатысушылардың зор жауапкершілікпен әдеби байқауға қатысқаны үшін алғыс білдіреміз. Сіздердің еңбектеріңізге оқырман тарапынан қызығушылық болатынына сеніміміз зор және осы шығармаларыңыз арқылы отандық әдебиеттің дамуына айтарлықтай үлес қосып отырғандарыңыз сөзсіз. Біздің байқаудың жеңімпазы өмір бойы ай сайын 500 доллардан сыйақы алып отыратынын естеріңізге саламыз», - деді жоба авторлары.
Жеңімпаз тек оқырманның дауыс беруімен анықталады. Әдеби байқаудың басты ұстанымдары: - Мемлекеттік бюджеттен толық тәуелсіз болу. - Ашық және жасырын мүдделер қайшылығын тудыратын қазылардан бас тарту, оның орнына оқырман дауысы арқылы жеңімпазды анықтау; Айта кетсек, «Меценат.кз» жобасының мақсаты - қазақстандық көркем әдебиетті дамыту және кітап оқырмандарының ынтасын арттыру, жазушылардың кәсіби деңгейін көтеру және олардың шығармаларын әлемдік кітап нарығына шығару.  
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары