Бас прокуратура Қайрат Құдайбергенге жаңа айып тақты

Бас прокуратура Қайрат Құдайбергенге жаңа айып тақты

Бас прокуратура Қайрат Құдайбергенге жаңа айып тақты
ашық дереккөзі
50360
Бас прокуратура Алматы мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенге жаңа бап бойынша айып тағып отыр деп хабарлады turkystan.kz Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.
«Өткен аптада бас прокурордың аға көмекшісі Тәштенов Азат жаңа айып тақты», - делінген Құдайбергеннің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.
Құдайбергеннің үстінен Қылмыстық кодекстің 380-бабының 2-тармағы («Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері») бабымен іс қозғалған болатын. Еске сала кетсек, ол 2022 жылдың сәуірінде қаңтардағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен ұсталды. ҰҚК департаментінің тергеу изоляторында қамауда отыр.

Серіктес жаңалықтары