«Күдікті бағасы 132 мың теңге тұратын гаджетті бүлдіршіннен алдау арқылы алмаға айырбастап алған. ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 80 жастағы ер адам ұсталды. Ол өзінің кінәсін толық мойындады. Ұялы телефон тәркіленді», - делінген хабарламада.
80 жастағы қария 5 жасар қызға алма беріп, ұялы телефонын алып қойған

80 жастағы қария 5 жасар қызға алма беріп, ұялы телефонын алып қойған
Жамбыл облысында 80 жастағы қария 5 жасар қызға алма беріп, ұялы телефонын алып кеткен деп хабарлады turkystan.kz.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, Байзақ ауданының полиция бөліміне 5 жасар қыздың анасы шағымданған. Ол белгісіз қарт кісі кәмелетке толмаған қызының смартфонын алып кеткенін хабарлаған.