13 мамырда бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатында күтпеген оқиға болды деп хабарлады turkystan.kz massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Санжар Тәшкенбай Әнұран басталарда қолын жүрек тұсына қою үшін 200 мың долларды жерге қоя салған. Желі қолданушылары боксшының осы әрекетін байқап, тәнті болған.
Еске салайық, 13 мамырда Ташкентте өткен әлем чемпионатында Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанды. Отандасымыз финалда грузин боксшысы Сахил Алохвердовиді жеңді.
48 келіге дейінгі салмақтағы жекпе-жекте Санжар айқын жеңіске жетті. Төрешілер бірауыздан қазақ боксшысын жеңімпаз деп таныды.