50283
Қостанайда питбуль 3 жасар қыздың бетін талап тастаған
Қостанайда питбуль 3 жасар қыздың бетін талап тастаған
Қостанай облысында ит талаған баланың ерні мен беті жыртылған деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қостанай облыстық балалар ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі Игорь Белобржицкийдің айтуынша, бала ауыр халде түскен.
Оқиға 6 мамыр күні Тобыл қаласында болған. Питбуль 3 жасар қыздың бетін талап тастады.
«Қыз ауыр халде жеткізілді. Қатты шошынған. Ерні, беті жыртылған. Шұғыл операция жасалды. Ерні мен беті тігілді. Бала бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатты. Қазіргі жағдайы бірқалыпты. Бала белсенді, жүгіріп жүр, тамақтанады. Тігістерді қадағап отырмыз. Қабыну жоқ. Әдетте, ит талағаннан кейін мұндай жаралар іріңдейді, әсіресе, бет, бұл - өте қауіпті. Инфекция миға түседі. Бұл жолы қызда бәрі жақсы. Температура жоқ. Бірнеше күннен кейін тігістерді аламыз. Ауруханадан шығатын да болар», - деді И.Белобржицкий.