ӘЧ: Асланбек Шымбергенов Қазақстан қоржынына үшінші алтынды салды

/
ӘЧ: Асланбек Шымбергенов Қазақстан қоржынына үшінші алтынды салды
ашық дереккөзі
ӘЧ: Асланбек Шымбергенов Қазақстан қоржынына үшінші алтынды салды Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов жеңімпаз атанды деп хабарлады turkystan.kz. Жамбыл облысының өкілі, Азия жеңімпазы А.Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақта екі мәрте құрлық чемпионы, өзбекстандық Саиджамшид Джафаровпен жұдырықтасты. Prosports.kz сайтының мәліметінше, Асланбек бірден жекпе-жек тізгінін қолына алды. Бірінші раунд есебі – 5:0. Екінші кезеңде таразы басы С.Джафаровқа ауды – 3:2. Қорытынды есеп – 5:0.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары