50843
Төртінші алтын: Нұрбек Оралбай әлем чемпионы атанды
Төртінші алтын: Нұрбек Оралбай әлем чемпионы атанды

Жастар арасында әлем чемпионы Нұрбек Оралбай 80 келіге дейінгі салмақта финалда қытайлық қандасымыз Тоқтарбек Таңатханмен чемпиондық атақ үшін рингке шықты деп хабарлады turkystan.kz.
Prosports.kz сайтының мәліметінше, бірінші раундта бес төрешінің төртеуі қазақстандық боксшыны басым деп тапты. Екінші кезең – 3:2. Жекпе-жек қорытындысында Нұрбек Оралбай жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем біріншілігін 4 алтын, 1 күміспен аяқтады. Бұл – рекордтық нәтиже.