«Ташкентке алтын үшін келдік»: финалға шыққан боксшылар пікір білдірді

«Ташкентке алтын үшін келдік»: финалға шыққан боксшылар пікір білдірді

«Ташкентке алтын үшін келдік»: финалға шыққан боксшылар пікір білдірді
ашық дереккөзі
50251
Кеше Ташкентте өткен әлем чемпионатының жартылай финалында Ұлттық құраманың 5 боксшысы финалға жолдама алған болатын. Боксшыларымыз осы сәтте қандай сезімде тұрғанын айтып, қазақ халқына жанкүйер болғаны үшін алғыс білдірді.
«Бүгінгі жекпе-жек күрделі болды. Үндістанның боксшысы жас болса да, тәжірибелі екен. Десе де жеңіске жеттім. Жеңіс әрі қарай жалғасын тауып, елімізге алтынмен оралуға бар күш-жігерімізді саламыз. Қазақ елі, жанкүйер болғандарыңызға рақмет!» – деді Ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов.
 width=
«Әлем чемпионатының финалына да шықтық. Осындай дәрежеге жеткізген, осы тактиканы қолдануға кеңес берген бапкерлерге рақмет! Ата-анама, бауырларыма, Қазақ еліне алғыс айтамын! Қолдауларыңыз шаршы алаңда да сезілді. Финалдан алтынмен оралатынымызға сенемін!» – дейді Дулат Бекбауов.
 width=
«Финалға өткенім үшін өте қуаныштымын. Бүгінгі қарсыласым кубалық боксшыны бәрі таниды деп ойлаймын. Ертеңге жақсылып дайындалып, әлем чемпионы боламын деген мақсатыма жетуге жұмыстанамын. Жанкүйерлердің қолдауы маған күш-қуат беруде», – дейді Махмұд Сабырхан.
 width=
«Бүгін жеңіске жеттік. Енді соңғы жекпе-жек қалды. Елге алтын алып келуге тырысамыз!» – дейді Санжар Тәшкенбай.
 width=
«Жартылай финалда жеңіп жатырмыз. Қолдау білдіруші әрбір жанкүйерге алғыс! Бұнымен тоқтамаймыз. Ташкентке алтын үшін келдік. Финалда бар күшімізді салып, көк туымызды желбіретеміз деп ант етеміз!» – дейді Нұрбек Оралбай.
 width= Айта кетейік, қазақстандықтардан Санжар Тәшкенбай (48 кг) финалда грузиялық Сахил Алахвердобимен, Махмұд Сабырхан (54 кг) өзбекстандық Ойбек Джураевпен, Дулат Бекбауов (67 кг) Асадхуджа Муйдинхуджаевпен, Асланбек Шымбергенов (71 кг) Саиджамшид Джафаровпен (екеуі де – Өзбекстан), Нұрбек Оралбай (80 кг) Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатханмен қолғап түйістіреді.

Серіктес жаңалықтары