СҚО-да 81-дегі ата үйленіп, 82 жастағы әже күйеуге шықты

/
СҚО-да 81-дегі ата үйленіп, 82 жастағы әже күйеуге шықты
ашық дереккөзі
СҚО-да 81-дегі ата үйленіп, 82 жастағы әже күйеуге шықты Солтүстік Қазақстан облысында биыл 845 жұп шаңырақ көтерді. Жыл басынан бері 228 жұп ажырасып кетті деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. СҚО Әділет департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл шаңырақ көтерген сегіз жұптың жасы неке жасынан, яғни 18-ден төмен болған. Шетел азаматтарымен жыл басынан бері 60 неке тіркелді. Былтыр мамандар осындай 210 жұпқа құжат берген. Былтыр облыста 729 жұп ажырасса, биыл олардың саны – 228.
«Биыл ажырасып жатқан ерлердің орташа жасы 41 болса, әйелдерде – 38. Былтыр шаңырағы ортасына түскен ер адамдардың орташа жасы – 33, келіншектерде 32 болды. Ал үйленгендердің орташа жасына келетін болсақ, ер адамдарда – 34, әйелдерде – 32 жас. Бүгінде жастар шаңырақ көтеруге асықпайтын болған. Мәселен, осыдан 10 жыл бұрын жігіттер 29-да үйленсе, қыздар 27 жасында тұрмыс құрған», - деді СҚО Әділет департаментінің бас маманы Эмилия Зуевич.
Биыл отау құрып, некесін тіркеткендердің ең егде жастағысы – 82-де. Әйел адам тұрмыс құрды, ал 81 жастағы ер адам үйленген.
«Шетел азаматтарының ішінде өңір тұрғындары негізінен ресейліктермен некеге отырады. Соның ішінде көрші мемлекеттен қалыңдық әкелетін ер адамдардың үлесі жоғары. Ал ажырасуға себептер әртүрлі, негізгілеріне тоқталар болсам – мінездің жараспауы, спирттік ішімдіктерге бейім болу, ерлі-зайыптылардың опасыздығы», - деді Эмилия Зуевич.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары