51046
Тақия киген спортшымыз ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды
Тақия киген спортшымыз ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды

Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан Азия Чемпионы атанды деп хабарлады turkystan.kz.
Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 102 салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз қос жаттығу қорытындысында 400 (181+219) келіні бағындырып, жарыс жеңімпазы атанды.
Айта кетсек, Нұрғиса жұлқа көтеруде (181 келі) кіші күміс және серпе көтеруде (219) кіші алтын жүлдеге қол жеткізді.