Елордадағы еңбек жәрмеңкесі

Елордадағы еңбек жәрмеңкесі

Елордадағы еңбек жәрмеңкесі
ашық дереккөзі
381
Кеше елордада Халықты жұмыспен қамту орталығының ұйым­дас­тыруымен бос жұмыс орындарына арналған кезекті жәрмеңке өтті. Бұл жәр­меңкенің ерекшелігі – жұмыссыз азаматтарға, оның ішінде бас бос­тандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қыз­метінің есебінде тұрған адамдарға, сондай-ақ алимент бойынша қарызы бар адамдарға арналған. Жазасын өтеп шыққаннан кейін аза­­маттарға қоғамның қалай қарай­тыны белгілі жағдай. Олардың жұ­мыс табуы тіптен қиын. Бұл мәселе әлем ел­дерінде де күн тәртібінен түс­кен емес. Оның үстіне жұмыс­сыз­дық жа­за­сын өтеп шыққандарды та­ғы да қыл­мысқа ұрындыруы мүм­кін. Сон­дықтан олардың уақытылы жұ­мыс та­уып, қоғамға сіңісіп кетуі өте маңыз­ды. Осы орайда ұйымдастырылған жәр­­меңкенің мақсаты – жұмыс беру­шілер мен жұмыс іздеушілер ара­сын­да бай­ланыс орнатып, мамандық дайын­­дау мәселелерін еңбек нары­ғын­­дағы жұмыс күшінің қажетті­лігі­не сәйкес ұйымдастыру. – Өзім музыка пәнінің мұға­лі­мі­мін. Астанада тұрып жатқаныма 5 жыл болды, соның 4 жылында жақсы жұмыс іздеп келемін. Мамандығым бойынша лайықты, тұрақты жұмыс таба алмай жүрмін. Осы жәрмеңке ар­қылы өзіме қолайлы жұмыс тап­сам деймін, – дейді жәрмеңке қаты­су­шысы Асқар Жомартов. Жәрмеңкеге барлығы 8 мекеме қа­тысып, 127 бос жұмыс орны ұсы­ныл­ды. – Мен «Катрин» жиһаз фабрика­сы­нан келдім. Компаниямыз 2005 жылы құрылды. Алғашқы бес жыл бойы фирма тек жиһаз өндірушісі ре­тінде жұмыс істеді. Ал 5 жылдан кейін, 2010 жылы жиһаз жабдық­та­рына арналған қосымша дүкенімізді аш­тық. Алты мың шаршы метр өн­дірістік алаңы және дүкендер желісі бар. Компания үй мен кеңсеге ар­нал­ған жиһаз жасау, материал­дар­ды сату, перде тігу, қабырға панельдерін жа­сау, тас төсеу және жүк тасымалы қыз­меттерін ұсынады. Бүгін біз 20 бос жұмыс орнын ұсынып отырмыз. Ағаш ұстасы, ұста, шкаф жиһазын құрас­тырушы, тегістеуші, сырлаушы, сату бойынша менеджер, әртүрлі жал­дамалы жұмысшылар керек. жұ­мыс іздеушілер өте белсенді. Мұндай ма­мандықтар жәрмеңкесінің ұйым­дас­тырылуы жұмыс беруші мен жұ­мыс іздеуші үшін де маңызды, – дейді Татьяна Копылова. Айта кетсек, жұмыс берушілер жол­­дар мен автокөлік жолдарын салу, құрылыс, ақпарат және байла­ныс, сауда, ет және құс еті өнімдерін өндіру бойынша бос жұмыс орын­дарын ұсынды.

Серіктес жаңалықтары