Шабандоз Бензема, құсбегі Трамп: шетел жұлдыздарын ұлттық нақышта киіндірген дизайнер

Шабандоз Бензема, құсбегі Трамп: шетел жұлдыздарын ұлттық нақышта киіндірген дизайнер

Шабандоз Бензема, құсбегі Трамп: шетел жұлдыздарын ұлттық нақышта киіндірген дизайнер
ашық дереккөзі
50404
Кейінгі кезде Instagram мен Tik-Tok-тан бұрынғы қазақ зиялыларының бүгінгі келбетін, қазақша киінген танымал шетелдік жұлдыздарды жиі көретін болдық. Бұл – дизайнерлердің ізденістері мен креативтерінің жарқын көрінісі. Әлеуметтік желіде көп қаралым жинаған Уил Смиттің шапан киген, Трамптың тақиядағы фотосын жасаған жас дизайнер Данагер Бірлесбекпен аз-кем сұхбат құрдық.  width=
Былтыр жасанды интеллектпен таныстым. Ерекше стильдегі шетелдік танымал адамдардың ұлттық киімімізбен тұрған суреттері халықтың көңілінен шықты. Наурыз мейрамы қарсаңында да Instagram-ға AR эффект дайындағанмын. 22 наурызда 3-4 сағатымды арнап осы стильдегі суреттерді жасап, желіге карусель жазба ретінде жарияладым. Ертесіне өзіміздің танымал тұлғаларға дейін жазбамды бөлісіп жатқанын көріп, бойымды қуаныш кернеді. Кейін тура сол суреттерді музыкамен рилс форматында қайта салдым. Сол кезде көп «охват» жинап, жасаған дүнием желі қолданушыларына кеңінен таралды, - деп бастады әңгімесін Данагер.
Жас дизайнер жасанды интеллектті жасау үшін Midjourney, Dall-e, GPT 4 боттарын қолданатынын, бір фотоны жасауға қанша уақыт кететінін айтты.
Суреттерді жасауға көбіне Midjourney ботын қолданамын. Танымал болған суреттер де сол ботпен жасалған. Жасанды интеллект нақты бір нұсқа шығармайды, бірден 4 нұсқа ұсынады. Ол суреттердің қайсысы әдемі немесе сапалы шыққанын анықтап ұсына алмайды. Бір генерациялық 4 нұсқалық суретті шығаруға 1 минут жеткілікті. Бірақ тура идеал суретті жасау үшін дизайнерлік әрі визуалдық талғам қабілеттері керек, - дейді Данагер Бірлесбек.
 width= Сөз арасында дизайнерден халықтың шапан киген Ди Каприо мен Илон Маскты қалай қабылдап жатқанын да сұрадық.
Мен бұған дейін фотошоп арқылы мүлдем екі түрлі суреттерден микс композициялар жасағанды ұнататын едім. Ал, осы ЖИ арқылы жасалған суреттерді 95% оқырман өте жақсы қабылдап жатыр. Қайтадан сондай туындылар жасауға бірнеше тапсырыс түсті. Суреттерді сатып алған адамдар да бар. Алдағы уақытта қазақша киінген жұлдыздардан бөлек, суреттері аз кездесетін қазақ тұлғаларын жасағым келеді, - дейді ол.
Мамыр айының басында Астанада әнші Мақпал Жұмабайдың Еrteñ атты шығармашылық кеші өткен болатын. Сол жобада Данагер Бірлесбек дизайнер ретінде жасанды интеллект негізінде суреттер жасады.
Еrteñ концептуалды концертінде осы концептіге сүйеніп, визуалдық идеялар ұсындық. Біз жасаған визуал командалық жұмыс болды. Ол жерде Шыңғыс Әбдіразақ, Мақпал Жұмабай, Тоғжан Құрманжанова, Шырын Мустафина және Арайлым Серіковамен бірлесе жұмыс істедік. Концерттің дәл осы визуалды жұмыстарына 1,5 ай кетті. Мақпалшердің концертінде орындалатын әр шығармасы мен сахналық көріністерімен үйлесімді композициялық туынды ойластырдық. Осы жобаға дайындықты бастағаннан концертке дейін 3 000-ға жуық генерациялық суреттер жасалды, - дейді Данагер.
Талантты өнерпаз алдағы жоспарлары туралы айтып, дизайнер ретінде нені өзгерткісі келетінін тілге тиек етті.  width=
Жасанды интеллект арқылы визуалдық стилімді қалыптастырғым келеді. Бірнеше ауқымды жобаға қатысуға шақырту алдым. Алдағы уақытта жасанды интеллектпен жұмыс істеу туралы мастер-класстар мен авторлық сабақтарымды ұсынбақ ойым бар. Диджитал креатор бағытында өзімді шыңдағым келеді. Графика дизайны, Artificial intelligence art (AI ART), Augmented reality (AR) бойынша өзімнің диджитал өнімдерімді жасамақ ойым бар. Мақсатым – креативті коллаб жұмыстар істеп, AI, AR, Digital идеяларымды жүзеге асыру. Осылайша Қазақстандағы қазақша креативті экономикаға үлесімді қосып, өз қолтаңбамды қалдыру үшін жұмыстанамын, - дейді Данагер.
 width=

Серіктес жаңалықтары