50921
Психологиялық тест: суреттен бірінші нені көрдіңіз?
Психологиялық тест: суреттен бірінші нені көрдіңіз?

Суретке мұқият назар салыңыз. Ең алдымен нені байқадыңыз? Turkystan.kz тілшісі дайындаған тест бойынша өзіңіздің қандай адам екеніңізді біліңіз.
Робот – сізде бос уақыт деген түсінік жоқ. Айналаңызда болып жатқан оқиғалардың ешқайсысы сіздің қатысуыңызсыз өтпейді. Сіз өзіңіз үшін емес, өзгелер үшін жаныңызды саласыз. Бірақ өміріңіздің басты кейіпкері – өзіңіз екенін ұмытпаңыз!
Қорап – өзгенің құпиясын сақтай білесіз, пікірімен санаса аласыз. Өте сабырлысыз. Кез келген мәселені ақылға салып барып шешесіз. Десе де, өте көп уайымдайсыз.
Қол – кез келген ортаға тез бейімделіп кетесіз. Әрқашан көмекке дайын тұрасыз. Қажет кезде кеңес беруге дайынсыз. Десе де, өз сезімдеріңізді жиі тежейсіз.