Теміртауда «Металлург» стадионының футбол алаңында қақпа баланың үстіне құлаған деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға барысы мен бет-аузы қанға боялған жасөспірімді куәгерлер видеоға түсіріп алған. 12 жастағы баланың басынан жарақат алғаны хабарланды.
«Бұл ересектердің немқұрайлығынан зардап шеккен алғашқы бала емес. Бұған кім жауап береді?» – деп күйінеді тұрғындар.Теміртау стадионында жарақат алған 12 жастағы жасөспірім ата-анасының көмегімен қалалық орталық аурухананың қабылдау-диагностика бөлімінің травматология бөліміне жеткізілген.
«Түскен кезде баланың жағдайы қанағаттанарлық болған. Оған алғашқы көмек көрсетіліп, жарасына хирургиялық ем көрсетілді. Кейін Мақажанов атындағы көпсалалы емханаға қайта бағытталды. Диагнозы: желке аймағының көгерген жарасы», - делінген облыстық Денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.Тексеруден кейін бала амбулаторлық емдеуге жіберілді.