Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов Ташкенттегі әлем чемпионатының жартылай финалына шықты деп хабарлады turkystan.kz.
67 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз мексикалық боксшы Мигел Анхел Мартинеспен қолғап түйістіріп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Енді Б рингіндегі он төртінші жұбында Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) өзбекстандық Баходир Джалоловпен сайысқа түседі.