ӘЧ: Серік Теміржанов келесі айналымға жолдама алды

ӘЧ: Серік Теміржанов келесі айналымға жолдама алды
Ташкентте бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында бақ сынап жатқан отандасымыз Серік Теміржанов алғашқы жекпе-жегін өткізді деп хабарлады turkystan.kz.
57 келіге дейінгі салмақтағы 1/16 финалда Серік Теміржанов Мали елінен келген боксшы Абдул Карим Батилимен кездесті.
Жекпе-жек үш раундқа созылып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Теміржановтың пайдасына аяқталды.