Алматы облысында арыстанның 2 күшігін асыраған жігіт ұсталды

Алматы облысында арыстанның 2 күшігін асыраған жігіт ұсталды
ашық дереккөзі
Алматы облысында арыстанның 2 күшігін асыраған жігіт ұсталды Алматы облысының тұрғыны үйінде арыстанның екі күшігін заңсыз ұстаған деп хабарлады turkystan.kz. Polisia.kz сайтының мәліметінше, бүгін ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері 5 айлық екі арыстанды заңсыз ұстаған 2001 жылғы А. есімді азаматты анықтады.
«Аталған дерек ҚР ҚК 339-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша Қарасай ауданының полициясында тіркелді. Полиция қызметкерлері тексеруден кейін экзотикалық жануарларды тәркіледі», - делінген хабарламада.
 
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары