Зәки Ахметовтің 95 жылдығына арналған конференция өтеді

Зәки Ахметовтің 95 жылдығына арналған конференция өтеді
ашық дереккөзі
Зәки Ахметовтің 95 жылдығына арналған конференция өтеді Еуразия ұлттық университетінде 4-5 мамыр күндері көрнекті ғалым, ҚР ҰҒА академигі Зәки Ахметовтің туғанына 95 жыл толуына орай конференция өтеді деп хабарлады turkystan.kz. «Гуманитарлық ғылымдар тоғысындағы әдебиеттанудың жаңа парадигмалары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция қазақ және түркі (қырғыз, өзбек, татар) тілдерінде жүргізіледі.
«Жиынға алыс және жақын шетелдерден ғалымдар шақырылған. Сондай-ақ іс-шараға ҚР Сенат және Парламент депутаттары, министрлер, мемлекет және қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, журналистер қатысады», - делінген хабарламада.
Басқосуда академик Зәки Ахметов туралы кітап көрмесі ұйымдастырылады.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары