50971
5 мыңнан астам оқушы буллингке қарсы челленджге қосылды
5 мыңнан астам оқушы буллингке қарсы челленджге қосылды

«Менің класым буллингке қарсы» республикалық челленджіне бес мыңнан астам оқушы қосылды деп хабарлады turkystan.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
«Іс-шара оқушылар мен мұғалімдер назарын жәбірлеу мәселесіне аудару, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер арасында буллингке қарсы ой қалыптастыру мақсатында өткізіледі», - делінген хабарламада.Айта кетейік, республикалық акция 19 мамырға дейін жалғасады. Челлендж қорытындысын «Менің класым буллингке қарсы» жалпы республикалық флешмобымен аяқтау жоспарланған.