50431
Шымкентте тұрғын үй ауласынан ер адамның мәйіті табылды
Шымкентте тұрғын үй ауласынан ер адамның мәйіті табылды

Шымкент қаласында Ерімбетов көшесіндегі тұрғын үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылды деп хабарлады turkystan.kz.
Оtyrar.kz сайтының мәліметінше, 1 мамыр күні сағат 16.00 шамасында оқиға туралы полицияға жергілікті тұрғындар хабарлаған.
«Оқиға орнына жеткен полицейлер марқұмның 1984 жылы туған Өзбекстан азаматы екенін анықтады. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ», - делінген хабарламада.Өлімнің нақты себебі анықталуда.