Түркістан облысында шіркеймен күресуге 643 млн теңге бөлінді

Түркістан облысында шіркеймен күресуге 643 млн теңге бөлінді
ашық дереккөзі
Түркістан облысында шіркеймен күресуге 643 млн теңге бөлінді

Жаз жақындаса болды, шіркейге таланатын Түркістан облысының тұрғындары биыл да ұсақ жәндіктің құрбаны болып жатыр деп хабарлады turkystan.kz.

Оңтүстікте он күннен бері күн жылынып, Отырар, Арыс аудандарында шіркей қаптаған. 10 жылдан бері көрген күніміз осы деген жұрт денеміз бөртіп, жара басып кетті деп наразы. Massaget.kz тілшісі мәселеге орай жаңа деректер жеткізді.

«Далаға шығу мүмкін емес. Кішкентай немерелерімізге дейін есікті қымтап отыратын болдық. Іштен адам шыға алмайды далаға, шықса баланың барлық денесін қып-қызыл жара басып кетеді. Сиыр сауып болғанша кәдімгі шиқан боламыз қып-қызыл. Аллергия деген өте қиын боп жатыр, аллергия беріп жатыр адамдарға», -  дейді Түркістан облысының тұрғыны Жанат Нәденова.

Осыған байланысты брифинг өткізген жауаптылар биыл шіркеймен күрес үшін бюджеттен 643 миллион теңге бөлінгенін айтады. Одан бөлек, шыбын-шіркейдің таралу аймақтарын зерттеуге 40 миллион теңге жұмсалған. Бірақ, бұған қарамастан қаптаған жәндік әлі де өріп жүр.

Спикерлер сөзіне сенсек, шіркейдің 80 пайызы ұрық кезінде жойылған. Қазір өріп жүргені содан аман қалған 20 пайызы екен. Егер күрес жұмыстары жүргізілмегенде, қаптаған жәндік қарасы 4-5 есе көп болуы мүмкіндігін де жасырмайды. Биыл күрестің кеш басталғанын да айтқан атқамінерлер апта ішінде шіркейдің азаятынына үмітті. Ал, шіркейге таланған ауылдағы ағайын ұйытқыған желге мәз. Әйтпесе, құжынаған жәндік қайта қаптауы мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары