Елбасы Жарлығымен Астана қаласының шекарасы кеңейтілді

Елбасы Жарлығымен Астана қаласының шекарасы кеңейтілді

Елбасы Жарлығымен Астана қаласының шекарасы кеңейтілді
ашық дереккөзі
465
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының шекарасын өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. «Астана қаласының шекарасын өзгерту туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Астана қаласының шекарасы оның шегіне жалпы алаңы 8 719 гектар  Ақмола облысының Целиноград ауданы жерінің бір бөлігін қоса отырып  өзгертілсін. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген Қаулыда.

Серіктес жаңалықтары