Астанада «Job Fair-2023» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Астанада «Job Fair-2023» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Астанада «Job Fair-2023» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
ашық дереккөзі
50426

Түлектер жұмыссыз қалмауы тиіс. 28 сәуір күні Астанада М.С. Нәрікбаев атындағы КазГЮУ түлектеріне арналған «Job Fair-2023» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Университет ұжымы бұл шараны бұрынғыдан ерекше деп отыр. Оған себеп - оқу ордасындағы үш жоғары мектептің, яғни, құқық, халықаралық экономика және гуманитарлық мектептің бірігуі.

 width=

Жалпы 2020 жылдан бері оқу орнына түскен студенттерді ақылы тәжірибе алмасу мен қатар жұмыспен қамтамасыз ету үрдісі қолға алынған. Ұйымдастырушылардың пайымдауынша, мұндай шаралар студенттердің оқу бітірмей тұрып маман ретінде қалыптасуына зор үлесін қосады екен.

«Біздің түлектеріміз түйіндеме толтырғанда өздерінің тек теориялық білімімен ғана емес, тәжірибесінің де көп екенін көрсете алады. Бұл жұмыс берушінің де, жұмысқа қабылдаушының да бірқатар міндеттін жеңілдетеді. Оқу барысында да нарықтағы қажеттілікті ескеретінімізді білетін бірқатар фирмалар өзара түлектерімізге таласып қалып жатады», - деді Құқық Жоғары мектебінің деканы Ольга Бектибаева.

Мұндай жәрмеңкеде жүзден аса студент пен түлек жұмысқа орналасып кету мүмкіндігіне ие болады.

 width=

Оған қоса, университет студенттері сабақ уақыттарын өз ыңғайына қарай реттей алса, оқу бітірмей жатып-ақ қызметке кірісіп кете алады.

«Біздің студенттер кредиттік жүйемен оқиды. Сондықтан олар өздеріне тиімді жағын қарастыра алады. Мысалы олар түске дейін университет қабырғасында сабақ оқып, қалған бос уақытың жұмысқа арнай алады. Әлде, кешке сабаққа келіп, күндіз жұмыс істеу мүмкіндігіне ие. Бұл студенттер үшін өте қолайлы. Дәстүрлі түрде өтетін жұмыс жәрмеңкесіне 100-ден астам компания келді. Орта есеппен, әр компанияда 2-3 бос орын ұсынды дегеннің өзінде, шамамен 200 студент жұмыс табады деп ойлаймын», - деді Тәжірибе, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының менеджері Гүлзат Әлімбаева.

 width=

Аталмыш іс-шараға мекептерден де маман іздеп келгендерді кездестіруге болады. Олар дипломы бар түлектерді ғана жұмысқа қабылдаймыз дейді.

«Бізге педагог-психолог, психолог-супервайзер, ағылшын пәні мұғалімдері қажет. Өкінішке қарай, 2 және 3 курс студенттерін жұмысқа алмаймыз. Бізге осы университетті бітірген, дипломмен маман керек», - деді №70 мектеп лицейінің қызметкері Ұлболсын Сауырова.

Ал басқа сала мамандары сұхбаттасу барысында бірден көзге түскен түлектердің барын атап өтті.

 width=  

Серіктес жаңалықтары